Ақпараттық қауіпсіздік · зертханалық жұмыс №5

QazTech

Тәуекелді өңдеу — ең жоғары бес балға әкімшілік, техникалық және физикалық control таңдап, құнын тексеру.

Кіріс · №4Critical 20 және High 16, 15
№5 фокусRisk Treatment Plan
Шығыс · №6Шара → саясат талабы

Жалпы логика

Сегіз жұмыс — бір үздіксіз тізбек

1 → 2 → … → 8Қазіргі жұмыс — 05. Алдыңғы нәтиже осы жұмыстың кірісі.

Әр жұмысты басыңыз — қысқаша байланыс ашылады

№5 зертханалық жұмыс

Тәуекелдерді өңдеу және шара таңдау

Мақсат: тәуекелді азайтатын әкімшілік, техникалық және физикалық control таңдау және олардың экономикалық негізділігін бағалау.

Administrative +
Саясат, регламент, оқыту, аудит, міндетті бөлу. Адамның не істейтінін бекітеді.
Technical +
MFA, firewall, EDR, encryption, SIEM, DLP. Жүйе ережені өзі орындайды.
Physical +
Бейнебақылау, кіруді бақылау, сервер бөлмесінің құлпы. S02 және S10 осында сүйенеді.

Практикалық тапсырмалар

Не істеу керек?

Тапсырманы басыңыз

  • 425 ең жоғары тәуекел+
    S04, S01, S05 — үшеуі 20. Сосын S08 = 16 және S06 = 15. S07 пен S11 де 15, бірақ S06 ransomware қалпына келтіруді жояды, сондықтан бестікке ол кірді.
  • 43Әрқайсына кемінде 2 control+
    Түрі белгіленген: Technical, Administrative немесе Physical. Төмендегі жоспарды ашыңыз.
  • 44Risk Treatment Plan+
    Risk owner, control, жауапты, мерзім, ресурс, residual.
  • 45L немесе I+
    MFA мен оқыту — Likelihood. Шифрлау ұрланған деректе Impact-ты түсіре алады. Backup ransomware зиянын түсіреді, өйткені қалпына келтіру қалады.
  • 46Ransomware экономикасы+
    20 000 000 × 0,20 = 4 000 000. EDR 1 500 000. Кейін 5%: 1 000 000 + 1 500 000 = 2 500 000.

Тапсырма 44 · QazTech

Risk Treatment Plan

Жолды басыңыз — екінші control, ресурс және қай көрсеткіш өзгереді

  • 20→8S04 Account theft · MFA+
    Control 1MFA — Technical — IT — 30 күн. L 5→2, I 4 қалады, residual 8 Medium.
    Control 2Фишинг оқытуы — Administrative — HR — 30 күн. Тағы да Likelihood.
    Owner / ресурсIT Manager. MFA лицензиясы және 2 сағаттық сабақ.
  • 20→6S01 Data leak · Encryption + DLP+
    Control 1Encryption + DLP — Technical — CISO — 60 күн. Үлгідегі қатар: residual Medium.
    Есеп№4-те тек құқық шолуы L 4→2, I 5, residual 10 High. DLP ықтималдықты сол деңгейде ұстайды, шифрлау ұрланған көшірменің зиянын I 5→3 етеді: 2×3 = 6 Medium.
    Control 2Қолжетімділік шолуы — Administrative — Sales Manager — 30 күн.
  • 20→10S05 AD malware · патч + EDR+
    Control 1Патч SLA 14 күн — Technical — IT — 45 күн. L 4→2.
    Control 2EDR — Technical — IT — 45 күн. Таралуды байқайды, Likelihood-ты да төмендетеді. I 5 қалады: сервер түссе, тоқтау сол. Residual 2×5 = 10 High.
    РесурсEDR 1 500 000 ₸/жыл — келесі слайдтағы есеп.
  • 16→8S08 VPN · MFA+
    Control 1VPN MFA — Technical — IT — 30 күн. L 4→2, I 4, residual 8 Medium.
    Control 2Сәтсіз кіруден бұғаттау — Technical — IT — 30 күн. Likelihood.
  • 15→5S06 Ransomware · көшірме+
    Control 1Өзгермейтін офлайн backup — Technical — IT — 60 күн. L 3→1, residual 5 Medium.
    Control 2Тоқсандық restore test — Administrative — IT — 60 күн. Көшірме бар екенін емес, қайта көтерілетінін тексереді. Physical: сервер бөлмесінің кілті — S10 үшін, осы бестікке кірмейді.

Тапсырма 46 · ransomware

EDR енгізу тиімді ме?

20 млн ₸болжамды шығын, бір оқиға
× 0,20жылдық ықтималдық, қорғаныссыз
4 млн ₸күтілетін жылдық шығын
1,5 млн ₸EDR құны, бір жыл

EDR-дан кейін ықтималдық 5% болса: 20 000 000 × 0,05 = 1 000 000 ₸. Жалпы: 1 000 000 + 1 500 000 = 2 500 000 ₸. 4 млн орнына 2,5 млн күтіледі — осы модельде control орынды.

Бақылау сұрақтары

Өзін-өзі тексеру

Сұрақты басыңыз — жауап ашылады

  • 47Administrative және Technical айырмашылығы+
    Administrative адам мен ереже: саясат, оқыту, кім бекітеді. Technical жүйе орнатады: MFA, EDR, шифрлау. Екеуі бір тәуекелге бірге керек — оқытусыз MFA-ны өшіріп тастайды.
  • 48Control шығыны тәуекелден жоғары болса+
    Арзанырақ шара, Accept (тәбетке сыйса) немесе Transfer (сақтандыру). S10 өртке сақтандыру — Transfer мысалы. Critical тәуекелді тек «қымбат» деп қалдыруға болмайды.
  • 49Risk Owner кім?+
    Тәуекелдің бизнес-шешіміне жауапты тұлға. S01 — Sales Manager / CISO, S04 және S05 — IT Manager. Орындаушы мен иесі бір адам болмауы мүмкін.
  • 50Control effectiveness қалай бағаланады?+
    Нысаналы residual пен нақты баллды салыстыру: MFA қамтуы, патч мерзімі, restore test сәтті ме. Болжам емес, дәлел. Мұны №8 аудит тексереді.
  • 51Transfer мысалы+
    Киберсақтандыру ransomware шығынының бір бөлігін сақтандырушыға береді. Өрт полисі — S10. Transfer оқиғаны жоймайды, қаржылық соққыны бөледі.